ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Функционалдық диагностика

Функционалдық диагностика және эндоскопия бөлімшесі 

                                   Бөлімшенің жалпы ережесі 

Функционалды диагностика және эндоскопия бөлімшесі аспапты диагностикалық зерттеулерге арналған. Басты бағыттарымыз:   эндоскопиялық зерттеулер,  жүрек-қан тамырлары жүйесінің функционалдық  диагностикасы,  жүйке ауруларының функционалдық диагностикасы, тыныс алу жүйесінің функционалдық  диагностикасы, ультрадыбыстық зерттеу.  

Эндоскопиялық кабинет – АІЖ жоғары бөлімдері, тоқ ішек, трахеобронхиальды шежіресі және панкреатобилиарлық жүйесіне диагностикалық және емдік эндоскопиялық зерттеулер жүргізу.   Эндоскопиялық зерттеулер видеоэзофагогастродуоденоскопияны (ВЭГДС), видеоколоноскопияны (ВКС), видеобронхоскопияны (ВБС), сонымен қатар, биопсияға патологиялық материал алу, бөтен затты жоюды қамтиды. Сондай-ақ, эндоскопист дәрігерімен кертартпа холангиопанкреатография жүргізіледі. Бөлімше үш бейне бағаны мен әртүрлі 10 шақты эндоскопты қамтитын Olympus жапондық фирмасының эндоскопиялық жабдығымен жабдықталған.
     
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің функционалдық  диагностикасы келесілерді қамтиды: электрокардиография (ЭКГ),  трансторакальды эхокардиография (ЭхоКГ), трансөңешті эхокардиография, холтерлік мониторлау ЭКГ («Холтер»), күретамыр қысымын тәуліктік мониторлау,  ЭКГ алу арқылы жүктеме тестісі (тредмил немесе велоэргометрия),  брахиоцефальды күретамырды, көктамыр мен күретамырды  ультрадыбыстық дуплексті сканирлеу.
Осы тізімді жүргізу үшін Медициналық орталықта әртүрлі өндірушілердің электрокардиографтары қолданылады: Hеwlett-Packard,  Schiller, Альтон; ультрадыбыстық сканерлер  Vivid S5, Aloka alfa 7, Aloka alfa10, Sonoline G60S, Холтер  мониторы  ЭКГ BTL 08 H300, тәуліктік  мониторинг  АД  BTL 08 H300 ABPM; жүктеме жүйесі Cardio Soft  Marquette Hellige Variobike500; СМП21/01-Р-Д микропроцессорлы шағын спирограф.
   
Жүйке ауруларының функцоналдық диагностикасы бойынша эхоэнцефалография (ЭхоЭГ), электроэнцефалография (ЭЭГ), ынталандырушы электронейромиография (ЭНМГ),  электромиография (ЭМГ) жүргізіледі. 
Электроэнцефалографиялық зерттеуде  «Нейрософт» - «Нейронспектр-4» фирмасының жабдықтары,  эхоэнцефалографиия және электронейромиография зерттеулерінде «МБН» фирмасының аспаптары қолданылады.

Тыныс алу бұзылуы  диагностикасының әдістерінен фармакологиялық сынамасы бар және фармакологиялық сынамасы жоқ спирометрия қолданылады. «СМП21/01-Р-Д микропроцессорлы шағын спирограф» аппараты қолданылады.  

Ультрадыбыстық зерттеу әдістерінің кең спектрі бар: бүйректің УДЗ, қалқанша безінің УДЗ, гепатобилиопанкреативті маңайының УДЗ (бауыр, өт қабы,көкбауыр), өт қабының өт қабын анықтау арқылы УДЗ, ұма мүшесінің УДЗ, сүт бездерінің УДЗ,  лимфалық түйіндердің УДЗ, өкпеқап қуысының УДЗ, жұмсақ тіндердің УДЗ, қуықалды безінің трансабдоминальды  және/немесе трансректальды УДЗ, қуық қалбыршағының УДЗ,  жүктіліктің 1,2,3 триместріндегі акушерлік УДЗ, трансабдоминальды және/немесе трансқынапты гинекологиялық УДЗ, аяқ-қол буындарының УДЗ, ұрық тамырларының УДЗГ, жүректі УДЗ, қолдың, қолқа доғасының (брахиоцефальды буын) күретамыры мен көктамырын дуплексті сканирлеу, нейросонография (НСГ). 
Зерттеулер келесідей удс-сканерлерінде жүргізіледі: Vivid S5, Aloka alfa 7, Aloka alfa10, Sonoline G60S.

Бөлімше медициналық орталықтың бас ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Бөлімшенің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері дейін сағ. 08:00-ден 16:30-ға дейін, түскі үзіліс сағ.12:00-ден 13:00-ге дейін, сенбі күні сағ.08:00-ден 13:30-ға дейін, түскі үзіліс сағ.12:00-ден 13:00-ге дейін. 

Жұмыс кестесі және нақты кабинеттердің қабылдау тәртібі туралы толық ақпаратты бөлімше тіркеушісінің телефоны арқылы: 8(7102) 74-43-57 немесе тікелей кабинеттің өзінен білуге болады.

6 фото
14
13
12
11
10
1
14
13
12
11
10
1